Сионистік режимді халықаралық сотта жауапқа тарту керек
(last modified Thu, 30 Nov 2023 08:18:34 GMT )
Қар 30, 2023 14:18 Asia/Almaty
  • Сионистік режимді халықаралық сотта жауапқа тарту керек

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Бейрутте Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында сионистік режимнің қылмыскерлерін халықаралық соттарда жауапқа тарту керегін айтты.

Амир Абдуллахиан: "Израиль Газада ХАМАС-ты жоя алмайды. ХАМАС – азаттық әперуді қалайтын заңды қозғалыс. Ол Палестинада қалады",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: "Бұл соғыстың жеңімпазы – Палестина халқы мен қарсыласу күштері. Соғыста жеңілген басты тараптар – АҚШ пен сионистік режим",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі атысты тоқтату бітімін ұзарту керегін айтып: "Егер атысты уақытша тоқтату бітімі ұзартылмаса, Газада бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс пен басқыншылық жалғасып, жаңа жағдай қалыптасады. Соғыстың аясы бұрыннан бетер кеңейеді",-деді.

 

Тегтер