Раиси: Сионистік режим АҚШ-тың қолдауымен Газада қылмыстарын жалғастырып жатыр
Иран Президенті АҚШ-ты сионистік режимнің Газадағы қорғансыз халыққа қарсы қылмыстарды ұйымдастырушы және соғыс машинасының басты қолдаушысы деп атап: "Сионистік режим АҚШ-тың қолдауымен Газада қылмыстарын жалғастырып жатыр",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сенбі күні кешке Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен телефон арқылы сұхбаттасып: "Сионистік режим АҚШ-тың тікелей қолдауымен 400-ден аса халықаралық қарарды аяқ асты етіп, Газа соғысы басталғаннан бүгінге дейін Хиросимаға тасталған бомбадан 8 есе қуатты жарылғыш заттарды Газа халқының үстіне тастады. Жалған режим алаңсыз қылмыс пен геноцид жасауын жалғастыра беруі үшін АҚШ басқа елдерді осы қылмыстарға қатысты ұстамды болуға шақырып отыр",-деді.
Раиси түрлі елдер, соның ішінде Жапонияға Палестина халқының құқығын қолдау туралы референдум өткізу арқылы өз халқының қолдау деңгейін білуге ұсыныс жасады. Батыс елдері мұндай референдум өткізуден қатты қорқады.
Жапония Премьер-министрі осы телефон арқылы сұхбатта Раисидің Газадағы өзгерістерге қатысты ұстанымдарына алғыс айтып, аймақта гуманитарлық дағдарыс болу қаупіне алаңдаушылық білдіріп, бейбіт тұрғындарға шабуылдарды тоқтатып, Газа халқына гуманитарлық көмек жеткізу керегін айтты.