Рахмонның бұйрығымен Тәжікстанның барлық азаматтарына "Шахнама" сыйға тартылады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i74272-Рахмонның_бұйрығымен_Тәжікстанның_барлық_азаматтарына_Шахнама_сыйға_тартылады
Тәжікстан президенті тәжік халқын мүмкіндігінше олардың ата-бабаларының тарихы, мәдениеті мен өркениетімен таныстыру мақсатында Абул Қасем Фердоусидің  "Шахнама" кітабын осы елдің барлық азаматтарына сыйға тартуды бұйырды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 06, 2023 22:13 Asia/Almaty
  • Рахмонның бұйрығымен Тәжікстанның барлық азаматтарына

Тәжікстан президенті тәжік халқын мүмкіндігінше олардың ата-бабаларының тарихы, мәдениеті мен өркениетімен таныстыру мақсатында Абул Қасем Фердоусидің  "Шахнама" кітабын осы елдің барлық азаматтарына сыйға тартуды бұйырды.

 

Бұл туралы Тәжікстан президенті «Бабажан Гафуров: тәжік халқының тарихының ең ірі зерттеушісі және тарихшысы» тақырыбындағы халықаралық конференция барысында айтты.

"Шахнаманы" басып шығару және Тәжікстанның барлық тұрғындарына тарту етудегі мақсат – тәжік халқын ата-бабаларының тарихымен, мәдениетімен және өркениетімен таныстыру.

Тәжікстан президенті: "Осынау асқақ тарих пен асыл мұраны халқымыздың бірлігі, ынтымағы, мақтанышы, ата-баба бақыты және жаңа ұлттық мемлекетіміздің іргетасының нығаюы үшін барынша пайдалануымыз керек",- деді.