Ауызашар рәсімі UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне тіркелді
"Ауырашар (Ифтар) мен оған қатысты мәдени-әлеуметтік ғұрыптар" атты іс Иран, Әзірбайжан, Түркия және Өзбекстанның атынан UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне тіркелді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Ауырашар (Ифтар) мен оған қатысты мәдени-әлеуметтік ғұрыптар" атты іс Иранның 22-ші материалдық емес мәдени мұрасы ретінде Әзірбайжан, Түркия және Өзбекстанмен ортақ халықаралық істердің қатарында Ботсвана республикасының Касан қаласында өткен Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысында UNESCO-ның тізіміне тіркелді.
Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысы дүйсенбі күні Ботсвана республикасының Касан қаласында басталған болатын.
Иран осы отырыста 3 іс – Әзірбайжан, Түркия және Өзбекстанмен ортақ "Ауырашар (Ифтар) мен оған қатысты мәдени-әлеуметтік ғұрыптар", Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстанмен ортақ "Тәһзиб – кітап бетін алтынмен аптау өнері", Тәжікстанмен ортақ "Сәдде мерекесін" UNESCO-ның тізіміне тіркеуге ұсынды. "Тәһзиб" ісі ауызашардан бұрынырақ комитет мүшелерінің қолдауына ие болып, мәдени мұра тізіміне тіркелді.