Амир Абдуллахиан босқындарға кемсітушілік қатынас болмауы керегін баса айтты
(last modified Fri, 15 Dec 2023 10:10:32 GMT )
Жел 15, 2023 16:10 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан босқындарға кемсітушілік қатынас болмауы керегін баса айтты

Иран Сыртқы істер министрі халықаралық ұйымдар мен комиссарияттардың әртүрлі елдердің мигранттары мен босқындарына кемсітушілік қатынас көрсетпеуі керегін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Женевада дипломатиялық кездесулерді жалғастыра келіп, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары Филиппо Грандимен кездесуінде Иранда бірнеше миллион босқын барын, АҚШ үкіметінің Иранға қарсы біржақты зұлым санкцияларына қарамастан, босқындарға жан-жақты қызмет көрсетіліп жатқанын айтып, осы салада БҰҰ мен оның комиссарияты тарапынан ИИР-ға қолдаулардың арттырылуын сұрады.  

Амир Абдуллахиан сондай-ақ Газадағы өзгерістерге алаңдаушылық білдіріп, сионистік режимнің палестиналықтарды Газаның солтүстігінен оңтүстігіне және сол жерден көршілес елдерге көшіруінің қатерлі салдарына алаңдаушылық білдіріп, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариятынан Палестина халқына мықты қолдау көрсетіп, палестиналық босқындардың тағы бір легі туындауының алдын алуды сұрады.

Филиппо Гранди де осы кездесуде Иранға шетелдік босқындардың ауқымды бөлігін қабылдап отырғаны үшін алғыс айтып: "Комиссарият түрлі тәсілдермен бюджеттік тапшылықты өтеп, босқын қабылдаушы елдерді қолдауды арттыруға талпынып жатыр",-деді.  

Тегтер