Иран мен Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрі Наледи Пандор телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты және аймақтық мәселелер, соның ішінде Палестина мен Газадағы өзгерістерді талқылады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан осы сұхбатта екі елдің даму үстіндегі қарым-қатынасына ризалық білдіріп, ОАР үкіметі мен халқының Палестина халқын қолдауға бағытталған ашық та мықты позициясын мадақтады.
Наледи Пандор осы сұхбатта ОАР үкіметінің Израиль режимінің қылмыстарын тоқтатуды көздейтінін айтып: "Қуанышымызға орай, ОАР үкіметінің позициясын халық қолдайды. Сондықтан халықаралық әділет сотына Палестина халқына қарсы жасалған қылмыстарды тексеру туралы жазбаша өтініш жібердік",-деді.