Иравани: Иран Ауғанстанда бейбітшілікті нығайтуға қатысты міндеттемесіне берік
https://parstoday.ir/kz/news/world-i74614-Иравани_Иран_Ауғанстанда_бейбітшілікті_нығайтуға_қатысты_міндеттемесіне_берік
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі: "Иран Ауғанстанда тұрақты бейбітшілікті нығайту үшін көршілес елдер, тиісті серіктестер және БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастық жасауға қатысты міндеттемесіне берік",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 21, 2023 20:56 Asia/Almaty
  • Иравани: Иран Ауғанстанда бейбітшілікті нығайтуға қатысты міндеттемесіне берік

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі: "Иран Ауғанстанда тұрақты бейбітшілікті нығайту үшін көршілес елдер, тиісті серіктестер және БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастық жасауға қатысты міндеттемесіне берік",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амирсаид Иравани сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстандағы жағдайға қатысты жиналысында: "Ауғанстанның жағдайынан тікелей қиындық көріп, миллиондаған ауғандық мигрантты қабылдап отырған Иран осы елдің уақытша үкіметімен (DFA) белсенді қатынасын сақтап отыр",-деді.

Амирсаид Иравани: "Бұл әріптестік Ауғанстанның экономикасын оңтайландыру және гуманитарлық жағдайды жақсарту мақсатында екіжақты, көршілестік және "Мәскеу форматы" сияқты аймақтық қалыпта жүзеге асырылып жатыр",-деді.

Иравани Ауғанстан басшыларының өз халықаралық  міндеттемелері, әсіресе көршілес елдерге қатысты міндеттемелерін орындайтынына үміт білдірді.