Раиси мен Пашинян Кавказдағы соңғы өзгерістер жайлы кеңесті
Жел 23, 2023 01:05 Asia/Almaty
Армения Премьер-министрі бейсенбі күні Иран Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесіп, Оңтүстік Кавказдағы соңғы өзгерістер жайлы кеңесті.
Қос тарап Иран мен Арменияның қарым-қатынасы және екіжақты келісімдерді орындау барысы туралы сұхбаттасты.
ИИР әрдайым Әзірбайжан мен Армения арасындағы түсініспеушілікті жойып, қиыншылықтарды шешуге тырысып келеді.
Тараптар 3+3 қалыбындағы аймақтық механизм туралы пікір алмасып, Теһранда өткен соңғы отырысты оң бағалады.
Теһранда өткен "Оңтүстік Кавказда бейбітшілік, әріптестік пен даму кезегі" атты біркүндік форумда осы аймаққа қатысты мәселелер, соның ішінде ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды.