Путин: АҚШ пен Батыс елдері Ресейді күйрету туралы ойдан арылуы тиіс
https://parstoday.ir/kz/news/world-i74640-Путин_АҚШ_пен_Батыс_елдері_Ресейді_күйрету_туралы_ойдан_арылуы_тиіс
Ресей Президенті АҚШ пен Батыс елдеріне: "Ресейді күйрету туралы ойдан арылыңыздар",-деп ескертті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 23, 2023 01:16 Asia/Almaty
  • Путин: АҚШ пен Батыс елдері Ресейді күйрету туралы ойдан арылуы тиіс

Ресей Президенті АҚШ пен Батыс елдеріне: "Ресейді күйрету туралы ойдан арылыңыздар",-деп ескертті.

Владимир Путин Ресейдің ұлттық жобалар және стратегиялық даму кеңесінің отырысында: "АҚШ пен Батыс елдеріне Ресейді күйрету ойынан арылатын кез келді",-деді.

Путин: "Біз өзімізді Америка құрлығынан, Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канададан алшақтатпайтынымызды ескертіп айтқым келеді. Егер Батыс елдері қаласа, Ресеймен әріптестіктен пайда ала алады",-деді.

2022 жылы ақпанда Ресей мен Украинаның қақтығысы басталғаннан кейін Батыс елдері Мәскеуді айыптап, оған экономикалық қысымдар жасап, Киевке жан-жақты саяси, қаржылай және қару-жарақпен қолдау көрсетуді күн тәртібіне қойды. Батыстың қолдауына қарамастан, Ресей Украина жерінің 20 пайызын басып алды.