АҚШ Иранды айыптау арқылы Йеменге қарсы санкция салды
(last modified Fri, 29 Dec 2023 10:18:43 GMT )
Жел 29, 2023 16:18 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранды айыптау арқылы Йеменге қарсы санкция салды

АҚШ  «Иранның Йеменге көмегін беруді жеңілдетуі» үшін бір тұлға мен мекемеге санкция салды.



Iran Press-тің мәліметінше, АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ираннан Йеменнің Ансарулла ұйымына қаржылай көмек беруіне ықпал етті деген айыппен бір адам мен үш мекемені санкциялар тізіміне қосты. АҚШ Қаржы министрлігі Шетелдік активтерді бақылау кеңсесінің мәлімдемесіне сәйкес, Йеменде орналасқан  Набил Али Ахмед әл-Халхаға сондай-ақ, Түркия мен Йемендегі үш ақша айырбастау жерге санкция салынды. АҚШ-тың Қаржы министрлігі бұл санкциялардың Йемендік Ансаролла ұйымының «тұрақсыздандыру әрекеттеріне» қарсы тұру үшін енгізілгенін алға тартты.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі: «Бұл адамдар мен ақша айырбастау жерлер АҚШ санкциясына ұшыраған және ИИР Сақшылар корпусының «Құдс» күштерімен байланысы бар Саид әл-Джамалдың бұйрығымен хуситтерге миллиондаған доллардың аударылуына ықпал етті»,- деді.

 

Тегтер