Халықаралық ұйымдар мен түрлі елдердің Кермандағы лаңкестік жарылысқа реакциясы
Әлем елдерінің басшылары Иранда көптеген адамның лаңкестік жарылыстан қаза болуына байланысты көңіл айтып, осы лаңкестік әрекетті айыптады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Еуроодақ, халықаралық ұйымдар, саяси орталар, Батыс, араб, ислам және Азия елдерінің діни және саяси басшылары, сарапшылары мен ақпарат құралдары ресми мәлімдеме жасап, Кермандағы лаңкестік жарылысты айыптап, Иран халқына тілеулестік білдірді.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Иран халқына көңіл айтып, шабуыл жасағандарды жауапқа тартуды талап етті.
Еуроодақ та мәлімдеме жасап, Кермандағы лаңкестік жарылысты айыптап: "Осы лаңкестік қылмысты жасағандар жауап беруі тиіс",-деді.
Әлемнің түрлі тұлғалары мен көптеген басшылары осы лаңкестік оқиғаға реакция білдіріп, оны қатты айыптады.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен осы елдің Сыртқы істер министрлігі Кермандағы лаңкестік шабуылды айыптап, Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.
Ресей Президенті Владимир Путин де өз мәлімдемесінде Керманның шәһидтер зиратында болған лаңкестік шабуылды айыптап, көптеген ирандық азаматтардың қаза табуына байланысты Ислам революциясының жетекшісіне көңіл айтты.
Нидерланды мен Италия да бөлек-бөлек мәлімдеме жасап, Керманда болған лаңкестік жарылыстарды айыптап, Иран халқына тілеулестіктерін білдірді. Нидерланды Сыртқы істер министрлігі "Х" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеме жариялап: "Иранда қаза тапқандар мен жараланғандар санының көп болуы өте өкінішті",-деді.
Италияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмундо Чирили де өз мәлімдемесінде Иран халқы мен қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты.
Ирландия Сыртқы істер министрі Майкл Мартин де Кермандағы қанды жарылысты "бейбастақ шабуыл" деп атап, осы қылмысты айыптап: "Терроризм мен қатыгездікті ешқашан ақтауға болмайды",-деді.
Пәкістанның Премьер-министрі, Сыртқы істер министрі мен Парламент төрағасы және осы елдің Ирандағы елшісі де өз хаттарында Керманда болған лаңкестік жарылыстарды айыптап, Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.
Никарагуа үкіметі де осы лаңкестік қылмысты айыптады.
Куба Президенті Мигель Диар Канел де өз көңіл айту хатында осы лаңкестік қылмысты айыптады.
Венесуэла Сыртқы істер министрі Иван Хиль өз мәлімдемесінде Иран үкіметі, халқы мен қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтып, осы лаңкестік оқиғаға себеп болғандарды заңды түрде жазалауды талап етті.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасап: "Эр-Рияд үкіметі ИИР-да бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған лаңкестік жарылыстарға қарсылығын жариялайды және бұл лаңкестік қылмысты айыптайды",-деді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла да өз сөзінде осы лаңкестік жарылысты айыптады.
Катар Сыртқы істер министрі осы лаңкестік оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап: "Катар үкіметі қандай мақсат көзделіп, дәлел келтірілсе де, қатыгездік, терроризм және қылмыстық әрекеттерге кесімді түрде қарсы",-деді.
Ирак үкіметі мәлімдемесі жасап: "Бағдат үкіметі Иранда болған лаңкестік жарылыстарды айыптайды, Иран үкіметі мен халқына тілеулестігін білдіреді",-деді.
Бұған дейін Ирактың "Ұлттық хикмет" ағымының басшысы сейіт Омар Хаким Керманда ондаған бейбіт тұрғынның жанын қиған лаңкестік әрекетті айыптады.
Оман Сыртқы істер министрлігі де Керманда болған екі лаңкестік жарылысқа байланысты дос әрі бауырлас Иран халқы мен құрбандардың жанұяларына көңіл айтып, жараланғандардың тез сауығып кетуін тіледі.
Сондай-ақ, Бахрейннің Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде лаңкестік жарылыстарды айыптап, көптеген ирандық азаматтардың қаза тапқанына байланысты көңіл айтты.
Палестинаның қарсыласу топтары, соның ішінде ХАМАС пен Исламдық джиһад қозғалысы осы лаңкестік жарылыстарды айыптап: "Бейбіт тұрғындарды нысанаға алып, ИИР-дың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын бұзуға бағытталған кез келген лаңкестік әрекет сионистік режимнің сұрқия жоспарларын жүзеге асыру үшін жасалады",-деді.