Жозеп Боррель Керманда болған лаңкестік қылмысты айыптады
(last modified Fri, 05 Jan 2024 17:24:32 GMT )
Қаң 05, 2024 23:24 Asia/Almaty
  • Жозеп Боррель Керманда болған лаңкестік қылмысты айыптады

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель сәрсенбі күні кешке Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен телефон арқылы сөйлесіп, Керманда болған лаңкестік қылмысты қатаң айыптады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жозеп Боррель осы сұхбата Иран үкіметі, халқы мен құрбандардың жанұяларына көңіл айтып, жараланғандардың сауығып кетуін тіледі.

Амир Абдуллахиан лаңкестіктің кез келген түрімен халықаралық деңгейде күресу керегін айтып, осы тұрғыда Еуроодақ басшысының тілеулестік білдіргеніне алғыс айтты.

 

Тегтер