Франция Сыртқы істер министрі Кермандағы лаңкестік әрекетті айыптады
Қаң 07, 2024 17:51 Asia/Almaty
Франция Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатында Кермандағы лаңкестік әрекетті айыптады.
Франция Сыртқы істер министрі Катрин Колонна аймақта шиеленістің күшейе түскеніне алаңдаушылық білдіріп, ИИР-ден аймақта қақтығыстардың белең алмауы үшін белсенді рөл ойнауын сұрады.
Иран Сыртқы істер министрі: "Аймақты тұрақсыздандырып отырған Израиль режимінің басқыншылығына көңіл аудармай, Қызыл теңіз бен Батыс Азияның қауіпсіздігіне алаңдаудың еш мәні жоқ",-деді.
Амир Абдуллахиан Газада геноцидті тоқтату, гуманитарлық көмек жіберуді жеңілдету және мәжбүрлі түрде көшіруге тыйым салуды қатыгездіктерді тоқтатуға әсер ететін қадамдар деп атады.