Қаң 17, 2024 19:03 Asia/Almaty
  • Камбоджа ирандық жол құрылыс компанияларын құптайды

Камбоджаның Қоғамдық қызметтер және көлік министрі былай деп мәлімдеді: «Біз ирандық компаниялардың жол құрылысы саласында қатысуын құптаймыз».

Пэн Пуна Иранның Вьетнам және Камбоджадағы елшісі Әли Акбар Назаримен кездесуінде ирандық компаниялар мен инвесторлардың осы елдің жол құрылысы, көлік және теміржол салаларындағы түрлі жобаларында болуын құптады.

Камбоджаның Қоғамдық қызметтер және көлік министрі: «Камбоджаның жаңа үкіметі мыңнан астам құрылыс жобаларын жүзеге асыруда және осы жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастық пен қатысу үшін Иран Ислам Республикасының техникалық және мамандандырылған делегацияларын қабылдауға дайын»,- деді.

 

Тегтер