Пәкістан: Иранмен лаңкестікке қарсы күрес саласында әріптестік жасаймыз
(last modified Thu, 18 Jan 2024 15:20:24 GMT )
Қаң 18, 2024 21:20 Asia/Almaty
  • Пәкістан: Иранмен лаңкестікке қарсы күрес саласында әріптестік жасаймыз

Пәкістан Сыртқы істер министрі бейсенбі күні лаңкестікке қарсы күрес саласында Иранмен әріптестік жасайтынын айтып: "Иран территориясындағы лаңкестердің позицияларына қарсы нақты шабуылдар жасадық. Соның нәтижесінде бірқатар "террорист" өлтірілді",-деп уәж айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пәкістан Сыртқы істер министрі өз мәлімдемесінде: "Бүгін таңертең Пәкістан Иранның Систан мен Белуджистан облысындағы лаңкестердің позицияларына қарсы дәл үйлестірілген шабуылдар жасады. Осы операция барысында бірқатар террорист өлтірілді",-деп жазды.

Систан мен Белуджистан облысы әкімінің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Әлиреза Мархамати Пәкістан мен Иран шекарасына жақын жерде 7 шетелдік қаза тапқанын хабарлады.

Пәкістан Сыртқы істер министрі мәлімдемесінің жалғасында: "Пәкістан Иранның егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрметпен қарайды. Бүгінгі операцияның мақсаты Пәкістанның қауіпсіздігі мен ұлттық мүддесін қамтамасыз ету болды. Бұл біз үшін өте маңызды. Мүддемізді қатерге ұшырата алмаймыз",-делінген.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінің соңында: "Иран – бауырлас ел. Пәкістан халқы Иран халқына махаббат және құрметпен қарайды. Біз әрдайым ортақ түйткілдермен, соның ішінде терроризм қаупімен бірге күресу үшін әріптестік жасап келеміз. Ортақ шешім жолдарын табуға талпыныстарымызды жалғастыра береміз",-деп жазды.