Кабулдың аймақтық отырысы Иранның қатысуымен өтеді
ИИР СІМ-нің Оңтүстік Азия департаментінің директоры келесі аптада Кабулда Иранның қатысуымен аймақтық отырыс өтетінін айтып: "Бұл отырысқа Ауғанстанға көршілес елдердің қатысуы осы ел халқының бейбітшілігі, тұрақтылығы мен әл-ауқаты және аймақтың қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөлініп отырғанын көрсетеді",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Расул Мусави: "Кабулдың аймақтық отырысына Иран, Пәкістан, Ресей мен Қытай өкілдері қатысады. Ол 17 ақпанда өтетін Доха отырысынан бұрын өткізіледі",-деді.
Ауғанстан СІМ-нің жетекшісі Амирхан Моттаки кеше Кабулда Ресей, Қытай, Иран, Пәкістан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан, Үндістан, Түркия мен Индонезия елшілерімен кездесіп, сұхбаттасты.
Ол Ауғанстанның аймақ елдерімен дипломатиялық қатынас жағдайын жақсы деп сипаттап, аймақ елдерінің Ауғанстанмен оң әріптестікті арттырып, жалғастыруы үшін аймақтық консультациялар өткізу керегін айтты.