Зеленский: Украина халқын электр қуатымен қамтамасыз етуге талпынып жатырмыз
Украина Президенті Владимир Зеленский сенбі күні кешке Ресейдің дрондық шабуылы салдарынан елдің бірқатар өңірлерінде электр қуатымен қамтамасыз ету тоқтатылғанын растап: "Электр стансаларын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр",-деді.
"Правда" сайтының хабарлауынша, Зеленский: "Қазіргі таңда Ресейдің дрондық шабуылы салдарынан электр қуаты өшкен кейбір облыстарда қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Электр инженерлері Днепропетровск облысында барлық тұтынушыларға тез арада электр қуатын жеткізуге талпынып жатыр",-деді.
Ресейдің дрондық шабуылы салдарынан Украинаның 2 электр стансасы істен шыққан.
Украинаның Энергетика министрлігі: "Шабуылдардың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Қалада бір тұрақты қуат көзі іске қосылғанша электр қуатымен қамтамасыз ету уақытша шектелуі мүмкін",-деп мәлімдеді.