Иран Палестина дағдарысын шешу үшін референдум өткізуді қуаттайды
(last modified Fri, 23 Feb 2024 13:51:51 GMT )
Ақп 23, 2024 19:51 Asia/Almaty
  • Иран Палестина дағдарысын шешу үшін референдум өткізуді қуаттайды

ИИР-ның Халықаралық Соттағы өкілі Палестина дағдарысының шешімі барлық палестиналықтардың қатысуымен референдум өткізу екенін жариялады.

 

 

ИСНА-ның хабарлауы бойынша, Реза Наджафи Иран үкіметінің барлық үкіметтер мен БҰҰ үшін басып алынған Палестина жерлерінің қазіргі жағдайының құқықтық салдарын түсіндірудегі мәлімдемесін оқып, палестиналықтардың өз тағдырын шешу құқығын жүзеге асыру мақсатында ИИР-ның бұған дейін БҰҰ-на ұсынған референдум өткізудің жан-жақты жоспарына тоқталды.

ИИР-ның Халықаралық Соттағы өкілі: "Иран Палестина халқының өзін-өзі анықтау құқығын толық жүзеге асыруды қолдаудағы өзінің тұрақты және дәйекті ұстанымын атап көрсете отырып, соттың кеңес беру процесін ынтамен бақылайды. Басқыншы Израиль режимінің Палестина жерін ұзақ уақыт басып алуы ешқашан өзін-өзі анықтау құқығын бастан өткермеген Палестина халқының құқықтарын бұзу болып табылады және бұл бұзушылықтың құқықтық салдары бар",- деп мәлімдеді. Ол сионистік режим армиясының осы аймаққа үздіксіз шабуылдары салдарынан Газадағы жағдайдың нашарлауына тоқталып, геноцидтік Израиль режимінің әскері күн сайын орта есеппен 250 палестиналықты шәһид ететініне назар аудартты.

Иранның Халықаралық соттағы өкілі сионистік армияның Газа секторына шабуылдарын тоқтату  қажеттілігін және сионистерді соғыс қылмыстары үшін жазалауды қуаттады.

 

Тегтер