АҚШ-тың жетекшілігіндегі коалицияның қырғи ұшақтары Сирияның Букамал қаласын бомбалады
АҚШ-тың жетекшілігіндегі лаңкестікке қарсы коалицияның қырғи ұшақтары Ирактың шекарасына жақын жердегі Сирияның Букамал қаласын бомбалады.
IRNA ақпарат агенттігінің Сирияның ресми ақпарат агенттігі Санаға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, АҚШ бастаған коалиция қырғи ұшақтарының дүйсенбі күні Сирияның Дейр-эз-Зор облысындағы Букамал қаласына жасаған әуе шабуылдарында 3 бала мен 1 әйел қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Осы бомбалауда азаматтардың үйлеріне ауыр зиян тигізілді.
Сирияның Дейр-эз-Зор облысындағы Букамал қаласы Ирактың шекарасына жақын жерде, Ефрат өзенінің батыс жағалауында орналасқан. Сирия азаматтарының АҚШ бастаған коалиция қырғи ұшақтарының нысанасына алынып отырғаны алғаш емес.
Лаңкестікке қарсы коалиция 2014 жылдың тамыз айында АҚШ-тың жетекшілігімен құрылған болатын.