Иран Сыртқы істер министрі өзінің вьетнам әріптесімен кездесті
(last modified Mon, 26 Feb 2024 12:36:11 GMT )
Ақп 26, 2024 18:36 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі өзінің вьетнам әріптесімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі өзінің вьетнам әріптесімен кездесуінде ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясының жиналысын өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Амир Абдуллахиан Иран мен Вьетнам басшыларының өзара сауда айналымын 2 млрд долларға жеткізуге келіскеніне тоқталып, саяси әріптестікке сай экономикалық ынтымақтастықты да дамыту керегін айтты.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ екі елдің жеке сектор өкілдерінің белсендігін арттыру керегіне назар аударды.  

Иран Сыртқы істер министрі өзінің вьетнам әріптесін Теһранға іссапармен келуге шақырды. Вьетнам Сыртқы істер министрі шақыруды қабыл алып, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты арттыру керегін қуаттап: "Өзара сауда көлемін ұлғайтуға жағдай жасау керек",-деді.