Израильді БҰҰ-ның әйелдер істері комиссиясынан шығару талап етілді
БҰҰ-ның әйелдер істері комиссиясының жиналысына қатысу үшін Нью-Йоркке барған Иран Президентінің әйелдер мен жанұя ісі жөніндегі орынбасары Аниса Хазали: "Газа секторындағы жағдай ауырлағандықтан әлем елдері әйелдер мәселесінде басқыншы Израиль режимін бірауыздан айыптап, оны БҰҰ-ның әйелдер істері комиссиясынан шығаруды талап етеді деп үміттенеміз",-деді.
Аниса Хазали: "Әдетте барлық елдер әйелдердің жағдайы туралы есеп береді. Біз де Ирандағы әйелдердің жағдайы туралы есеп береміз. Сондай-ақ әлемдегі әйелдердің жағдайы, әсіресе Газадағы жағдайға тоқталып, қиыншылықтарды айтып өтеміз",-деді.
Аниса Хазали бүгін Нью-Йоркте БҰҰ-ның әйелдер істері комиссиясының жиналысына қатысып, сөз сөйлейді.