Maм 24, 2024 23:06 Asia/Almaty
  • Британ тілшісі Батыс халқына: Раисиді жек көреді дегеннің бәрі – өтірік

Британ тілшісі әрі жазушысы Ричард Медхурст миллиондаған халықтың Иран президенті шәһид Ибрахим Раисимен қоштасу рәсіміне қатысқанына тоқталып, Батыс ақпарат құралдарының Раисиге қатысты жалған ақпарат таратқанын сынады.

Ричард Медхурст "Х" әлеуметтік желісінде: "Мен Теһранда Иран президентімен қоштасу рәсіміне қатысып жатырмын. Миллиондаған адам көшеге шықты. Батыс ақпарат құралдарының "Иранда Раисиді бәрі жек көреді" деген уәжі өтірік. Оның өлімі – бүкіл әлем үшін орны толмас қаза",-деп жазды.

Теһран халқы кеше, сәрсенбі күні өз президентімен қоштасты.

Иран президенті Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен олардың серіктері жексенбі күні "Қыз қаллесі" бөгетінің ашылу рәсіміне қатысу және Әзірбайжан республикасымен ортақ "Ходаафарин" жобасын дамыту барысымен танысу үшін Шығыс Әзірбайжан облысына аттанған болатын. Осы рәсімнен кейін Иран Президенті мен оның серіктері мінген тікұшақ Варзақан ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты апатқа ұшырап, бүкіл жолаушылар қаза тапты.

 

Тегтер