Maм 25, 2024 22:15 Asia/Almaty
  • Норвегия Сыртқы істер министрі: Нетаньяхуды тұтқынға аламыз

Норвегияның Сыртқы істер министрі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл елге барса, қамауға алынатынын мәлімдеді.

 

Норвегияның Сыртқы істер министрі Эспен Барт Эйде Халықаралық қылмыстық соттың үкімінен кейін сионистік режимнің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осы елге баратын болса, оның тұтқынға алынатынын мәлімдеді.

Бұдан бұрын сионистік режимнің 12 телеарнасының веб-сайты осыған байланысты: "Егер Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың үш судьясы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен Израильдің соғыс министрі Йоаф Галантты тұтқындауға ордер беруге келіссе, бұл екеуі Рим келісіміне қол қойған елдердің ешқайсысына бара алмайды",- деп хабарлады. Бұл еврей ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл үкім шығарылса, Нетаньяху мен Галлантқа бұдан былай Германия, Голландия, Греция, Франция, Жапония және Испания сияқты елдерге баруға рұқсат етілмейді. Ол өз жаңалықтарының астында осыған байланысты әлемнің әртүрлі континенттеріндегі барлық 124 елдің атын атап өтті.

Сонымен бірге бұл иврит тіліндегі БАҚ Израиль басшыларына АҚШ бұл елдердің қатарында болмағандықтан, олар онда еркін жүре алатынына сендірді.

Айта кетейік, бұл жаңалық  иврит тілді БАҚ осыған байланысты Халықаралық қылмыстық соттың тағы бір тізімі шығарылып жатқанын және Израильдің тағы бір саяси және әскери жетекшілерінің іздеудегілер тізіміне енгізілетінін жариялаған кезде жарияланды.  

Тегтер