Маусым 02, 2024 20:54 Asia/Almaty
  • Иранның өнер және мәдениет саласындағы оқиғаларына шолу

Иран ұлттық оркестрінен бастап ирандық өнерпаздардың Палестина халқы үшін талпыныстарына дейін

Ирандық өнерпаздар "Барлығының назары Рафахта" атты жаһандық қозғалысқа ауқымды түрде қатысып жатыр.

Ирандық анименің  Испаниядағы ең үздік 2D анимация жүлдесі және ирандық фильмнің Ресей фестивалінің жүлдесін алуы, ирандық суретшінің BRICS шарасына қатысуы, Иранның ұлттық оркестрі концерттерінің басталуы елдің маңызды мәдени-әлеуметтік жаңалықтарының қатарына жатады.

Ирандық фильм Ресейдің Чебоксары фестивалінің ең үздік фильм жүлдесін алды.

Нахид Седдиқтің режисерлігімен Реза Мұхаққеқ түсірген "Суық дем" көркем фильмі үшінші рет халықаралық фестивальға қатысып, Ресейдің Чебоксары фестивалінде ең үздік фильм жүлдесін алды. Бұл – аталмыш фильмнің ресейлік кинофестивальдерден алған екінші жүлдесі.

Ирандық суретші BRICS шарасына "Шаттық" топтамасымен қатысты.

Ирандық суретші әрі әртіс Аида Раззақзада "Шаттық" топтамасымен BRICS-ке мүше елдердің кәсіпкер әйелдер одағының шарасына шақырылды. Бұл топтамада ынтымақтастық пен жағымды энергиямен алмасу тақырыбына арналған майлы бояумен салынған 5 картина бар.

Ирандық суретші әрі әртіс Аида Раззақзада

Ирандық өнерпаздар "Барлығының назары Рафахта" атты жаһандық қозғалысқа белсене қатысып жатыр.

Сионистік режим Рафахтағы палестиналық лагерьге айуандық шабуылынан кейін осы шабуылды айыптау және Палестинаға қолдау білдіру үшін "ALL EYES ON RAFAH" (Барлығының назары Рафахта) атты қозғалыс басталды. Ирандық өнерпаздар мен киношылар 39 млн-нан аса қолданушымен бірге осы қозғалысқа қосылып, Израильдің шабуылдарын айыптап, Газа халқына, әсіресе балаларға тілеулестік білдірді.

"Газа – табанды мазлұм" атты халықаралық форум өтті

Теһранда Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) қайтыс болған күнінің жылдығына орай "Газа – табанды мазлұм" атты халықаралық форум өтті.

Ирандық суретшінің Газа халқының табанды қарсылығы тақырыбына арналған картинасының тұсауы кесілді

Ирандық суретші Хасан Рухоламиннің Газа халқының табанды қарсылығы тақырыбына арналған "Жеңіс жақын" атты жаңа картинасы медиа фестивальдің жабылу рәсімінде таныстырылды.

Ирандық суретшінің "Жеңіс жақын" атты картинасы

Иран ұлттық оркестрінің концерті басталды

Иран ұлттық оркестрі жаңа жылда Теһранның "Вахдат" концерт залында Хомаюн Рахимианның дирижерлігімен және Абдулхұсейн Махтабадтың орындауымен "Сенің жолыңда" атты  бірінші концертін өткізді. Концертті Мазияр Захиреддини жүргізді.

"Ағаштың құшағында" фильмі Қытайда өтетін фестивальға аттанды

Бабак Қожа Пашаның режиссерлігімен  Мұхаммедреза Месбах және Саджад Насруллахи Насаб түсірген "Ағаштың құшағында" фильмі Surah кинематографиялық ұйымы және Балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалды даму орталығының бірлескен туындысы ретінде Қытайда өтетін 29-шы Шанхай телефестивалінің конкурстық бөлімінде көрсетіледі.  

29-шы фестиваль 2024 жылдың 24-28 маусымы аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтеді.

Иранның өнерпаздар үйінде америкалық театралды туындысы көрсетіледі

Томас Кейлдің режиссерлігімен түсірілген "Гамильтон" атты америкалық театралды фильм Иранның өнерпаздар үйінде көрсетіліп, одан кейін талқыланады. Дэвид Диггс, Рени Элиз Голдсберри, Джонатан Грофф, Кристофер Джексон, Жасмин Цефас Джонс, Лин-Мануэл Миранда, Лесли Одом-мл, Окириете Онаодован, Энтони Рамос, Филлипа Су – осы театралды фильмде ойнаған әртістер.

"Гамильтон" – Дисней Плюс шығарған Бродвей шоуына негізделген музыкалық фильмнің атауы.  Бұл шоу Америка Құрама Штаттарының негізін қалаушылардың бірі Александр Гамильтонның өмірбаянына негізделген және оның өмірін сипаттайды. 

Тегтер