Маусым 16, 2024 21:54 Asia/Almaty
  • Оккупант туралы жаман айтпа!

Washington Post газетінің Жапониядағы америкалық басқыншы күштерді ақтау әрекеті

Брайан Уолш (Brian P. Walsh) Washington Post газетінің сайтында мақала жариялап, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде америкалық солдаттардың Жапонияда болуы жайлы рауаяттар Америка бейнесіне сәйкес келмейді деп санап, ол туралы әңгімелерге күмән келтіруге болады деп уәж айтты.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Washington Post газетінің сайтында "Америкалық сарбаздарға дөрекі жала жабу тарих кітаптарына қалай енген?" (How an outrageous smear of U.S. troops wound up in history books) атты мақала жарияланған. Автор өз мақаласының басында америкалық басқыншылардың болуына жол ашқан  Жапония Премьер-министрі Шигеру Йошида (Shigeru Yoshida) жайлы қисынды сурет ұсынған. Бұл әңгімеде басқыншы күштермен ынтымақтасу және оларға туған жерді ұсыну ұтымды мәселе ретінде қарастырылады. Бір қызығы, мәтінде АҚШ-тың Жапонияға атом бомбаларын тастағаны туралы айтылмаған. Бір ғана ел соғыста атом бомбасын қолданған. Бұл жайт екі рет болды және екі рет те атом бомбасы жапон халқына қарсы қолданылды. Бір қызығы, Washington Post мәтінінде жапон соғысы мәселесінде Америкаға қарсы қоғамдық пікірдің жеккөрініштілігі мен біржақтылығы айыпталған. Бірақ бейбіт тұрғындарға ең қауіпті бомбалар тасталғаны айтылмайды.

Бұл жазбада америкалық басқыншылардың қылмыстарын баяндайтын тарихи кітаптар немқұрайлы, біржақты және мүлдем жалған мәтіндер деп түсіндіріледі. Мәтіннің жалғасында оккупацияның алғашқы 10 күнінде Канагава префектурасында америкалық күштердің жапон әйелдерін зорлауына күмән тудырылды. Ешбір тарихи құжат келтірілместен, бұл провинцияда болған 1366 әйел зорлау фактісі теріске шығарылды. Бұл мәтін тек оккупацияның 6 жылында одақтас күштердің (Америка күштері және басқа одақтас елдер) 1100 әйел зорлау фактісін қабылдап, мойындайды.

АҚШ-тың Жапонияға атомдық шабуылынан қалған қирандылар

Осы мақаланың басқа бөлігінде автор америкалық сарбаздар арасындағы жыныстық жолмен берілетін аурулардың жоғары деңгейін төмендетуге тырысады. Брайан Уолш Жапонияны оккупациялау туралы кітаптар мен академиялық дереккөздердегі антиамерикандық атмосфераға ренішін білдіріп, былай дейді: АҚШ-тың жоғары оқу орындарында академиялық тарихты саясиландырудың қарқындылығы сонша, тіпті салыстырмалы түрде бейтарап тарихшылар да осы саладағы басым антиамерикандық көзқарасқа иланбайды. Жазбасының жалғасында автор тарих зерттеушілерін біржақты деп айыптап: "Қазіргі таңда сәнге айналған көзқарас бойынша АҚШ, әсіресе оның әскері басып алушы күштер болып саналады, сондықтан әлемде қандай да бір оң өзгерістер жасауға қабілетсіз деп есептеледі",-дейді.

Осы жазбаның авторы біржақты деп айыптағандардың бірі Джон В. Доуэр (John W. Dower) 2019 жылы АҚШ пен Жапонияның қарым-қатынасын "қорлық" деп атады. Ол бір сұхбатта: "Біз Жапонияны АҚШ империясының қорғанына айналдырып, оның тәуелсіздігіне қауіп төндіріп, оны Қытайға қарсы дұшпандық ұстанымға мәжбүр еткен АҚШ-Жапония қауіпсіздік келісімшартының ұзартылуына қарсымыз",-деді.

Washington Post газетінің қызметкері АҚШ-тың Жапониямен квази-отаршылдық қатынасын сынағаны үшін  Массачусетс университетінің АҚШ-Жапония қатынастарын зерттеуші профессорын "көр соқыр фанат" деп атады.

Жапонияның БАҚ өкілдері мен тарихшыларының немқұрайлы қарап, жеткілікті жұмыс жасамауы салдарынан, АҚШ-тың басты медиа өкілдері біртіндеп тарихты бұрмалап, осы елге жасаған қылмыстарын ақтауға ұмтылуда.
Көптеген сыншылардың сенімінше, медиа соғыста Жапонияның салғырттығы салдарынан АҚШ сияқты қанышер құрбанмен орнын алмастырды. Сонда америкалықтардың атом бомбасын қолданғаны үшін Жапония кінәлі болып шығады. Соның салдарынан америкалықтардың қатыгездігі ұмытылып, мұны талқылау күн тәртібінен алынады.

Жапон халқының америкалық солдаттардың жапон әйелдерін зорлауына қарсы шерулері

 

Тегтер