Американың әрекетіне жауап ретінде Ресей орта қашықтықтағы ядролық зымырандарды шығаруды бастайды
Pars Today: Ресей президенті АҚШ-тың орташа қашықтықтағы ядролық зымырандарды өндіру мен орналастыруға қатысты әрекеттерін сынай отырып: «Вашингтонның әрекетіне жауап ретінде Ресейдің орта және қысқа қашықтықтағы ядролық зымырандарды шығаруды бастауы керек»,- деп баса айтты.
Жұма күні Ресей президенті Владимир Путин елдің Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кездесуінде АҚШ бірнеше жыл бұрын Орта және жақын қашықтықтағы ядролық күштер туралы келісімнен жалған сылтаумен шыққанына тоқталып: «Қазіргі уақытта Вашингтон бұл зымырандарды жасап, Еуропада орналастыруда»,- деп мәлімдеді.
Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Ресей президенті сөзінің жалғасында Ресейге орта қашықтыққа ұшатын зымырандық ядролық кешендерді шығаруды бастау қажеттігін баса айтты.
1987 жылы маусымда АҚШ пен Ресей Вашингтонда «Орташа қашықтықтағы ядролық зымырандарға тыйым салу» шартына қол қойды. Бұл келісім 1988 жылдың маусымында күшіне енді.
Бұл келісім Вашингтон мен Мәскеуге Еуропада баллистикалық және қанатты зымырандарды орналастыруға тыйым салды.
Бұл шарттың мақсаты 500-ден 100-ге дейін және 1000-ден 5500 км-ге дейінгі радиациялық қанатты зымырандар мен олардың ұшыру платформаларын жою болды.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2017 жылдың наурыз айында елдің Орташа қашықтықтағы ядролық күштер (INF) келісімінен біржақты түрде шығатынын мәлімдеді.