Байден мен Трамп Америка халқының емес, американдық капиталистердің өкілдері
(last modified Sun, 07 Jul 2024 11:29:47 GMT )
Шіл 07, 2024 17:29 Asia/Almaty
  • Байден мен Трамп Америка халқының емес, американдық капиталистердің өкілдері

Gallup институтының соңғы сауалнамасының нәтижелері  американдықтардың жартысынан көбі Джо Байден мен Дональд Трампта АҚШ президенті болуға қажетті қасиеттер жоқ деп санайтынын көрсетті.

 

Америка Құрама Штаттарының 60-шы президенттік сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді, сайлау агенттіктері американдық азаматтардың пікірлерін зерттеп жатыр.

Parstoday агенттігінің хабарлауынша, Gallup институтының сауалнамасының нәтижесі бойынша, осы сауалнамаға қатысқан америкалық ересектердің 62 пайызы Байденнің президент болуға лайықты қасиеттері жоқ деп есептесе, 53 пайызы Трампта мұндай тұлғалық қасиеттер жоқ деп санайды.

Осыған сүйене отырып, Трамптың президенттік сайлауда жеңіске жету үшін қажетті мінезі мен қасиеттері бар деп есептейтіндердің 87 пайызы республикашылдар, 43 пайызы тәуелсіз, 10 пайызы демократтар. Басқа жағынан, Байденді білікті деп санайтын респонденттердің 81%-ы демократтар, 35%-ы тәуелсіз және 4%-ы республикашылдар.

Көптеген американдықтар Байден мен Трамты  Америка халқы емес, американдық капиталистер мен соғыс қоздырушыларының өкілі деп санайды.

Жалпы, америкалықтар президенттік сайлауға үміткерлердің ешқайсысын аса лайықты әрі құптарлық деп санамайды.

Тегтер