Шіл 25, 2024 11:11 Asia/Almaty
  • Батыс әлемінің Газа қасапшысына жиреніші артты

Нетаньяхуға қатысты жанжалдарға шолу. New York Times газеті Нетаньяхуды «Үлкен замандағы кішкентай адам» деп атады. Өйткені ол өзінің саяси позициясына қорыққандықтан дұрыс шешім қабылдай алмай отыр.

Америкалықтардың Нетаньяхудың АҚШ-қа келуіне наразылық білдіруі, New York Times газетінің Нетаньяхудың әлсіздігін айтуы, басып алынған жерлерде Нетаньяхуға қатысты текетірестердің күшеюі, Израиль саясаткерлері арасында қайшылықтардың күшеюі – осылардың барлығы осы жиренішті тұлғаға қатысты ақпараттардың қатарына жатады.   

АҚШ Конгресінде Нетаньяхудың сөзіне ауқымды байкот жарияланды

Al-Jazeera арнасының хабарлауынша, Газадағы қанды қырғын мен палестиналықтарға геноцид жасалып жатқанына байланысты туындаған қоғамдық ашудың салдарынан АҚШ заң шығарушылары тарапынан ауқымды байкотқа ұшырап отырған сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ Конгресінде сөз сөйлемекші.

Сионистік режим Премьер-министрі АҚШ-қа сапар шегіп, сәрсенбі күні АҚШ Конгресінде сөз сөйлейді деп жоспарланды. Ол бейсенбі күні АҚШ Президенті Джо Байденмен кездеседі деп күтілуде. Әрине оның Трамппен кездесетіні туралы ақпарат та бар, бірақ мұның орындалу-орындалмауы әлі белгісіз.

Нетаньяху сөз сөйлер алдында америкалық еврейлер наразылық акциясын өткізді

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израильге қару-жарақ жіберуді тоқтатуға талап еткен еврейлер тобы сейсенбі күні АҚШ Конгресі ғимаратының ішінде жиналып, Газа соғысын тоқтатып, сионистік режимге қару-жарақ жіберуді доғаруды талап етті.  Шерушілер АҚШ Конгресі ғимаратының ішіне кіріп, сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың сәрсенбі күні сөз сөйлеуіне қарсы шығып, наразылық акциясын өткізді. Олар Палестинаны азат ету, Газа соғысын тоқтату және сионистік режимді қарумен жарақтандыруды доғару туралы ұрандатты.

АҚШ Конгресінің қауіпсіздік күштері наразыларды таратуға кірісіп, бірқатар адамды ұстап әкетті.

Газа соғысына қарсылар сейсенбі күні Вашингтонда Беньямин Нетаньяху тоқтаған қонақ үйдің алдында жиналып, оны «қылмыскер» деп атады. Соғысқа қарсы қызғылт кигендер тобы Нетаньяху резиденциясы алдында және АҚШ Конгресі ғимаратының баспалдақтарында тұрып наразылық білдірді. Бұл топ соғыс қылмыстары және адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны үшін Израиль Премьер-министрін қамауға алуды талап етті.

NBC арнасының хабарлауынша, мыңдаған адам сәрсенбі шеру өткізу үшін Вашингтонға жиналады деп болжанды. Ал бұл жағдайда сионист шерушілер сәрсенбі күні кешке Тель-Авивтегі Аялон көшесін жауып, тұтқындармен алмасып, сионист тұтқындарды босатуды талап етті.

Берни Сандерс: Нетаньяхуды АҚШ Конгресіне сөз сөйлеуге шақыру ұят іс болды

The Associated Press агенттігінің сәрсенбі күні хабарлауынша, америкалық сенатор Берни Сандерс жуырда Халықаралық қылмыстық соттың Нетаньяхуды қамауға алу туралы үкім шығару ықтималын айтып: «Нетаньяхуды АҚШ Конгресіне сөз сөйлеуге шақыру ұят іс болды»,-деді.

Ол ақлақтық тұрғыдан Газа дағдарысынан теріс айналудың, әсіресе АҚШ-та салық төлеушілерден түсетін бюджеттің осы соғысқа жұмсалғаны дұрыс емес екенін айтып: «Бүгін бірінші рет осы соғыс қылмыскеріне (Нетаньяху) Конгресте сөйлеуге мұрсат беріледі»,-деді.

Берни Сандерс бұған дейін: «Нетаньяху – соғыс қылмыскері. Сионистік режим Премьер-министрінің Конгресте сөз сөйлеу рәсіміне қатыспаймын»,-деп мәлімдеген болатын.

Берни Сандерс АҚШ басшыларына: «АҚШ Өкілдер палатасының төрағасы 39000-ға жуық палестиналықтың өлтірілуіне себеп болған адамды Конгреске неге шақырғанын түсіндіруі тиіс»,-деді.    

Нетаньяху – үлкен замандағы кішкентай адам

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, New York Times газетінің сараптамашысы Томас Фридман сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың АҚШ-қа сапарына тоқталып, оны «үлкен замандағы кішкентай адам» деп атады. Ол өзінің саяси позициясына қорыққандықтан дұрыс шешім қабылдай алмай отыр.

Нетаньяхудың АҚШ-та сионист тұтқындардың жанұяларымен кездесуі шиеленіске ұласты

Палестинаның «Сама» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нетаньяху сәрсенбі күні АҚШ-тағы бірқатар сионист тұтқындардың жанұяларымен кездесті. Бірақ жанұялардың наразылығы салдарынан кездесу жанжалмен аяқталды.

Осы мәліметке сәйкес, Нетаньяху осы кездесуде ХАМАС-қа көбірек әскери қысым жасау керегін, олар қойған кез келген шартты қабылдамау керегін айтты. Нетаньяху осы сөзді айтып жатқан кезде сионист тұтқындардың жанұялары оның сөзін бөліп, қарсылық білдірді.

Лапид: Нетаньяху ХАМАС-пен бейбіт бітімге келуі керек

Al-Jazeera-ның сейсенбі күні хабарлауынша, сионистік режим кабинетіне қарсы ағымның басшысы Яир Лапид Нетаньяхудан АҚШ Конгресінде сөз сөйлеген кезде сионист тұтқындарды азат ету туралы келісімді қабылдауды сұрады.

Ол бұл туралы «Х» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазып: «Нетаньяху ақырында ХАМАС-пен бейбіт келісімді қабылдауы тиіс»,-деді.

Лапид басқа бір жазбасында: «Нетаньяху қазір басып алынған солтүстік аудандарын назардан тыс қалдырды. Бұл аудандардың тұрғындарының көбі Ливан Хезбулласының шабуылдары салдарынан өз үйлерін тастап кеткеніне айлар болды»,-деп жазды.

Ганц: Нетаньяху саналы түрде бізді жеңіліске итермелеп отыр

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің соғыс кабинетінде Нетаньяхудың бұрынғы одақтасы болған Бени Ганц сейсенбі күні сөз сөйлеп, Нетаньяхуды Израильді қасақана жеңіліске итермеледі деп айыптады.

Тегтер