Малайзия премьер-министрі: Батыс жалған әңгімелер шығаруды тоқтатуы керек
(last modified Thu, 29 Aug 2024 15:20:07 GMT )
Там 29, 2024 21:20 Asia/Almaty
  • Малайзия премьер-министрі: Батыс жалған әңгімелер шығаруды тоқтатуы керек

Куала-Лумпурдың қорғансыз Палестина еліне қолдау көрсетуінен кейін АҚШ пен Малайзия қарым-қатынасының шиеленісу мүмкіндігі артты.

Жапондық «Никки Азия» ақпарат құрал Малайзия соңғы апталарда Палестина мәселесіне қолдауын ашық түрде арттырды, бұл оның АҚШ-пен қарым-қатынасын шиеленістіруі мүмкін деп санайды.  

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим Батыстан Газадағы соғыс туралы «жалған әңгімелерді» тарату үшін халықаралық ақпарат құралдарын бақылауға тырысуды тоқтатуды сұрады.

Анвар Ибраһим батыс елдеріне қаратып, былай деп қосты:

«Ислам әлеміне демократия, адам құқығы және тұрақты дамудың мәнін үйретудің қажеті жоқ».

Осы орайда Малайзия премьер-министрі басып алынған Палестинадағы толқулардың ХАМАС-тың 7 қазандағы операциясынан емес, 1948 жылы Палестинаны басып алуымен басталып, содан бері жалғасып келе жатқанын атап өтті.

 Анвар Ибрахим одан әрі: «Куала-Лумпур басып алынған Палестина территорияларында тіркелген компаниялардың Малайзияға кіруіне және кез келген әрекетін жүзеге асыруына рұқсат бермеуге міндеттелді».

Бұдан бұрын Малайзия мен Бруней екі ел басшыларының жыл сайынғы кездесуінде басқыншы  режимнің Газадағы геноцид пен зорлық-зомбылықтың жалғастыруын айыптап, аймақтағы жағдайға алаңдаушылық білдірген болатын.

Бруней Сұлтаны Хаджи Хасан Абулкия мен Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрахим Батыс Азиядағы ауыр жағдайға және гуманитарлық апатқа әкеліп соқтырған Газа секторындағы геноцид пен үздіксіз агрессияға қатты алаңдаушылық білдіріп, айптады.

Израиль режимі 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз және езілген халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады. Бірақ әзірге ол шабуыл алдында жариялаған мақсаттарының ешқайсысына жете қойған жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 40 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 92 мыңнан астамы жараланды.

Тегтер