Қыр 12, 2024 16:52 Asia/Almaty
  • Трамп саудада долларды пайдаланбайтын елдерге қандай қоқан-лоққы көрсетті?

АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамп әлемдегі долларсыздандыру үдерісін тоқтата алатынын мәлімдеді.

АҚШ бұрынғы президенті Висконсин штатының сайлауалды митингісінде долларды жаһандық транзакциялардан алып тастау үрдістін өсуін мойындай отырып, американдық сайлаушыларға доллардың әлемдік резервтік валюта ретіндегі мәртебесін сақтайтынына уәде берді.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Трамп сайлау науқанындағы митингіде доллардың «үлкен қоршауда» екенін мойындады, өйткені көптеген елдер сауданы реттеудің басқа жолдарына жүгінеді.

Сонымен бірге Трамп АҚШ долларынан бас тарту саясатты ұстанатын елдер үшін өте қымбатқа түсетінін  және сайлауда жеңіске жеткеннен кейін бұл елдер доллар жүйесінен тыс бизнес жүргізуге байланысты импортқа бұрын-соңды болмаған 100% тарифке тап болатынын мәлімдеді.

Әлемнің бірқатар елдері, соның ішінде Иран, Ресей және Қытай іскерлік қарым-қатынаста долларға тәуелділікті азайту шараларын әлдеқашан бастады. Негізінде Американың Вашингтон саясаттарын ұстанбаған елдерге барынша қысым жасау саясаты Американың экономикалық санкциялар қолдануымен бірге бұл елдердің екі жақты сауда операцияларында ұлттық валюталарды пайдалануына себеп болды.

Владимир Путин, Ресей президенті бұған дейін: «Америка Құрама Штаттары доллар қаруын қолдану арқылы халықаралық қаржылық резервтер институтының беделін түсірді»,- деп мәлімдеген.

Тегтер