«BRICS Pay» бағдарламасының ашылуы; Долларсыздандыру үдерісіндегі тағы бір өзгеріс
ParsТoday - БРИКС мүшелері долларсыздандыру саясатын жүзеге асыру үшін BRICS Pay деп аталатын тәуелсіз төлем жүйесін ашты.
БРИКС тобы өз мүшелері арасындағы халықаралық транзакцияларды жеңілдету үшін тәуелсіз төлем жүйесін құруды жоспарлап отырған әлемдік қаржы жүйесі үлкен өзгерістердің қарсаңында.
ParsТoday агенттігінің және Mehr агенттігінің хабарлауынша, БРИКС мүшелері соңғы отырысында «BRICS Pay» платформасын ашып, бұл платформаның долларсыздандыру, мүшелер саудасын жеңілдету және Батыс санкцияларының әсерін азайту сияқты көптеген артықшылықтарға ие болуы мүмкін екенін жариялады.
Жарияланған есептерге сәйкес, «BRICS Pay» блокчейн сияқты озық технологиямен қамтамасыз етілген және SWIFT жүйесіне – Жаһандық банкаралық қаржылық коммуникация қауымдастығына қуатты балама бола алады.
Осы орайда РФ Кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко BRICS Pay дұрыс жолда екеніне тоқталып: «Бұл енді жай идея емес, алға жылжу», - деді. Матвиенко сонымен қатар: «Бұл жүйе доллар үстемдігінен құтылғысы келетін дамушы елдердің тілектеріне жауап болып табылады», - деп қосты.
Осыған байланысты қазірдің өзінде 50-ден астам ел бұл бастамаға қосылуға ниет білдірді, олардың көпшілігі Азия, Африка, Оңтүстік Америка және Шығыс Еуропа елдері.
Ресей президенті Владимир Путин сондай-ақ: «Қазіргі уақытта БРИКС-ке мүше елдер өздерінің орталық банктері арасында қаржылық ақпарат алмасуды ұйымдастырумен айналысуда»,- деп хабарлады. Ол БРИКС елдерінің жетекші БАҚ басшыларымен кездесуінде былай деді: «Бұл орталық банктер арасындағы қаржылық ақпарат алмасу - Халықаралық есеп айырысуды қолдайтын SWIFT балама»,- деп мәлімдеді.
Бұған дейін Иран Орталық банкінің басшысы Мұхаммадреза Фарзин Иран мен Ресейдің қаржы және валюта саласындағы кең ауқымды келісімдерін жариялап, БРИКС-ке мүше елдердің жергілікті валюталарды пайдалану және долларға тәуелділікті азайту талпыныстарына тоқталды.
Иран Орталық банкінің басшысы әлемдік қаржы жүйесінің қазіргі құрылымының Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банкке негізделгеніне назар аударып: «Батыс елдерімен саяси қиындықтарға байланысты әлем жаңа келісімдер іздеп жатыр. БРИКС – бұл мақсаттарды жүзеге асыру алаңы».
Иран Орталық банкінің басшысы әлемдік қаржы жүйесінің қазіргі құрылымының Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банкке негізделгеніне назар аударып: «Батыс елдерімен саяси қиындықтарға байланысты әлем жаңа келісімдер іздеп жатыр. БРИКС – бұл мақсаттарды жүзеге асыру алаңы».