Иран мен Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрлері ақпарат отырысын өткізді
(last modified Sun, 22 May 2016 11:11:31 GMT )
Maм 22, 2016 17:11 Asia/Almaty
  • Иран мен Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрлері ақпарат отырысын өткізді

Иран мен Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрлері экономиклық және сауда- саттық негіздерде қос жақты байланыстарды кеңейтуді баса айтты.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Теһранда Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрі Муррей Маккалимен бірлескен ақпарат отырысында: "Қазіргі кезде экономикалық байланыстарды жақсарту мен кеңейту және саяси кеңесулер бағытында екі ел арасында ауқымды қарым- қатынастар орнатылған" деді.

Зариф екі ел арасындағы ынтымақтастықтың түрлі салаларына тоқталып, Иран мен Жаңа Зеландияның ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, тамақ және сүт өнімдері өнеркәсібі, техникалық және технология салаларында ынтымақтастық жасайтындықтарын айтты.

Зариф Иранның банк саласындағы кедергілерді жойып, ынтымақтастық жасау үшін жасалған келісімдерді тілге тиек етіп: "Әзірше діттеген мақсаттарымызға жеткілікті мөлшерде жеткен жоқпыз. Америка тарапынан көбірек әрекеттер жасалуы керек" деді.

Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрі де осы ақпарат отырысында Теһран- Веллингтонның қос жақты экономикалық және саяси ынтымақтастықтарының перспективасы жөнінде айтқан сөзінде екі ел арасындағы экономикалық және сауда- саттық ынтымақтастықтардың өсуі үшін аса ауқымды кеңістіктің бар екендігін мәлімдеді.

Ол, сондай- ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыс аймағындағы дағдарыстарды шешу үшін жасаған шараларына сілтеме жасап, қырғындарды тоқтатудың жолын табу керектігін қуаттады.