Әлем халықтары Иран Ислам Республикасын қолдайды
ParsToday - Германия халқының бір бөлігі шеруге шығып, Израиль режимінің және оның қолданушыларының Иранға қарсы жасаған агрессиясын айыптады.
Германия халқы Берлин қаласының көшелерінде өткен шеруде Израиль режимінің және оның қолдаушыларының Иран жеріне қарсы жасаған шабуылын айыптап, ұрандарымен және Иранның туын көтеріп, ИИР-на өз қолдауын білдірді.
ParsToday-дің хабарлауынша, әлемнің түкпір -түкпірінде Израиль режимінің Иранға қарсы жасаған шабуылын айыптау үшін өтіп жатқан түрлі адам жиындармен бір мезгілде Мавритания астанасының көшелерінде ақпарат құралдардың бірқатар белсенділері, ойшылдары және халық жиналып, Иран Ислам Республикасына қолдауын білдірді.
Сенбі күні Еуропаның әртүрлі астаналарында мыңдаған адам қатысқан шерулер ұйымдастырылып, Израиль режимінің Иранға қарсы әскери шабуылын қатаң айыптады. Олар соғысты дереу тоқтатып, Израильге қару-жарақ санкцияларын енгізуді және бейбітшілік пен дипломатия жолына қайтуды талап етті.