Кипр Палестинаның тағдырына ұшырай ма?Сионистердің Кипрде жер сатып алуы артуда
ParsToday - Басып алынған аумақтардың (Израиль) тұрғындары, әсіресе Иранмен соңғы соғыстан кейін Кипр аралынан жер сатып алуға бет бұрды.
Кипрдің грек секторының маңызды газеттерінің бірі «Кипр Политик» Кипр аралында сионистердің жер сатып алуы көбейгені туралы хабарлады.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Кипр Политик» газетінің хабарында сионистердің Кипр аралында жер сатып алу ниеттеріне күмән келтіріліп: «Бұл аймақ израильдіктер үшін тағы бір уәде етілген жерге айналған сияқты»,-деп жазды.
Хабарда сионистердің Кипрде жер сатып алу үрдісінің, әсіресе Иранмен соңғы соғыстан кейін кеңейгені және соңғы күндері жер сатып алған израильдіктердің санының 15 мыңнан асқаны көрсетілген.
«Кипр Политик» газеті Кипрде өздеріне жер сатып алған сионистердің біртіндеп тәуелсіз қала құруға бет алғанына тоқталып: «Олар дағдарыстарынан құтылу үшін Кипрді өз жекеменшігі ретінде пайдаланып жатыр»,- деп жазды.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранмен соғыс кезінде оккупацияланған аумақтарға бірнеше қысқа сапардан кейін уақытының көп бөлігін Кипрде өткізетіні бұрын жарияланған болатын.