Христиан сионизмі ми вирусы ма?
https://parstoday.ir/kz/news/world-i81786-Христиан_сионизмі_ми_вирусы_ма
ParsToday - Иран Ислам Республикасының Ватикандағы елшісі христиан сионистік қозғалысының пайда болуы туралы ескертті.
(last modified 2025-10-31T14:09:33+00:00 )
Қаз 31, 2025 15:55 Asia/Almaty
  • Христиан сионизмі ми вирусы ма?

ParsToday - Иран Ислам Республикасының Ватикандағы елшісі христиан сионистік қозғалысының пайда болуы туралы ескертті.

ParsToday IQNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, ИИР-ның Ватикандағы елшісі Мұхаммад Хұсейн Мұхтари діни қауымдастықтардың маңызды қиындықтарының бірі ретінде қасиетті мәтіндерді экстремистік жолмен оқуды қарастырып, ислам әлемінде Құран мен Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеттерін дұрыс емес түсіндірумен такфирлік топтар пайда болғаны сияқты, христиан әлемінде де христиан сионистері сияқты қозғалыстар Қасиетті Інжілді экстремистік жолмен оқумен пайда болғанын айтты.

Ол былай деп баса айтты: «Ислам және христиан ғалымдарының бірлескен ынтымақтастығы осы экстремистік ойларға қарсы тұруға және жас ұрпақты олардың жойқын әсерінен құтқаруға көмектеседі». Діни оқу орындарының ғылыми және зерттеу мүмкіндіктеріне тоқтала отырып, Мұхаммад Хұсейн Мұхтари Ватиканмен ынтымақтастықты діндер арасында стратегиялық және тұрақты қарым-қатынастарды қалыптастырудың негізі деп санап, оны қазіргі әлемдегі руханият пен бостық дағдарысына қарсы тұрудың жолы деп атады. ИИР-ның Ватикандағы елшісі былай деп қосты: «Бірлескен БАҚ шығару, діни ілімдерді насихаттауда цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану және әлемдік бейбітшілікті таратуға ұмтылу ынтымақтастықты кеңейтуге болатын салалардың қатарында».

 

Христиан сионизмі ми вирусы ма?

Сонымен қатар, әйгілі американдық ток-шоу жүргізушісі Такер Карлсон да христиан сионизмін қатты сынға алды. Танымал жүргізуші христиан сионизмі саясаткерлерді жұқтырған «ми вирусы» екенін айтты. Карлсен «христиан сионистік» қозғалысын «христиан дініндегі қауіпті адасушылық» деп санап: «Христиан сионизмі  Иса Мәсіхке (ғ.с.) деген шынайы сенімді бұрмалап, оны соғыс қоздыру саясатының құралына айналдырды»,- деп мәлімдеді.