Йемен рәсми соғысқа қосылды; Израильдің оңтүстігіне  баллистикалық зымырандар атылды  
https://parstoday.ir/kz/news/world-i83434-Йемен_рәсми_соғысқа_қосылды_Израильдің_оңтүстігіне_баллистикалық_зымырандар_атылды
ParsToday – Йемен Қарулы Күштері Палестинаның басып алынған жерлерінің (Израиль режимі) оңтүстігінің маңызды нысандарды баллистикалық зымырандармен нысанаға алғанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-28T12:20:56+00:00 )
Нау 28, 2026 16:39 Asia/Almaty
  • Йемен рәсми соғысқа қосылды; Израильдің оңтүстігіне  баллистикалық зымырандар атылды  

ParsToday – Йемен Қарулы Күштері Палестинаның басып алынған жерлерінің (Израиль режимі) оңтүстігінің маңызды нысандарды баллистикалық зымырандармен нысанаға алғанын мәлімдеді.

ParsToday-дің хабарлауынша, Йемен Қарулы күштері бүгін, сенбі күні мәлімдеме жариялап, Палестинаның басып алынған жерлерінің оңтүстігіндегі сионистік режимнің маңызды әскери нысандарына қарсы алғашқы әскери операциясын баллистикалық зымырандармен жүргізгенін айтты.

Йемен Қарулы күштерінің мәлімдемесінде: «Йемен Қарулы күштерінің алдыңғы мәлімдемесінде ИИР және Ливан, Ирак, Палестинадағы қарсылық майдандарын қолдау үшін тікелей әскери араласу туралы айтылғанын орындау шеңберінде, әскери шиеленістің күшеюі, инфрақұрылымдарға шабуылдау, Ливан, Иран, Ирак және Палестинадағы бауырларымызға қарсы қылмыс пен қырғын салу жалғасуына байланысты сионист режимінің оңтүстік оккупацияланған Палестинадағы маңызды әскери нысандарына қарсы алғашқы әскери операцияны баллистикалық зымырандармен жүргіздік» делінген.

Сондай-ақ, Йемен Қарулы күштерінің өкілі генерал-майор Яхья Сари: «Біздің операцияларымыз жарияланған мақсаттарға жету және барлық қарсылық майдандарындағы агрессияны тоқтатуға дейін жалғасады»,- деді.