Шариф Вэнспен кездесуінде: Келіссөз тараптарын тұрақты бейбітшілікке жету жолын жеңілдетуге дайынбыз
ParsToday- Пәкістан үкімет басшысы АҚШ вице-президентімен кездесуде Исламабад келіссөз тараптарын аймақтағы тұрақты бейбітшілікке жеткізу жолын жеңілдетуді жалғастыруды асыға күтетінін айтты.
ИРНА Пәкістан Премьер-министрі кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, бүгін былай деп хабарлады: «Шахбаз Шариф бүгін (сенбі) Дж.Д. Вэнс пен АҚШ делегациясы мүшелерімен Исламабадта кездесті».
Трамптың арнайы елшілері Стив Уиткофф пен Джарэд Кушнер, Пәкістан үкімет басшысының орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхақдар және Пәкістан Ішкі істер министрі Мұхсен Нақави бұл отырысқа қатысты.
Пәкістан үкімет басшысы Иран және АҚШ делегацияларының өзара тиімді қарым-қатынасқа деген міндеттемесін бағалап, бұл келіссөздердің аймақтағы тұрақты бейбітшілікке қадам болады деп үміт білдірді.
Ол: «Пәкістан аймақтағы тұрақты бейбітшілікке жету үшін екі тараптың жолын жеңілдетуін жалғастыруды асыға күтеді»,- деп баса айтты.
Мұхаммад Исхақдар Дж.Д. Вэнс пен оның командасымен кездесуде: «Бұл келіссөздер аймақтағы қақтығыстарды тоқтату үшін саяси шешімге қарай жылжу және шиеленістерді азайтуға маңызды мүмкіндік»,- деді.
Исхақдар сондай-ақ Исламабадтың араағарлық рөлін атқаруға дайындығын тағы бір рет растап, осы дағдарысты тұрақты және берік шешімге жеткізу үшін Пәкістан тараптар арасындағы сөйлесулерді жеңілдету үдерістерін жалғастыруға ниетті.