Иранның келіссөз жүргізуші делегациясы Пәкістан үкімет басшысымен кездесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i83694-Иранның_келіссөз_жүргізуші_делегациясы_Пәкістан_үкімет_басшысымен_кездесті
ParsToday- Иранның келіссөз жүргізуші делегациясы бүгін, сенбі күні Пәкістан үкімет басшысы Шахбаз Шарифпен кездесті.
(last modified 2026-04-11T13:53:23+00:00 )
Сәу 11, 2026 18:53 Asia/Almaty
  • Иранның келіссөз жүргізуші делегациясы Пәкістан үкімет басшысымен кездесті

ParsToday- Иранның келіссөз жүргізуші делегациясы бүгін, сенбі күні Пәкістан үкімет басшысы Шахбаз Шарифпен кездесті.

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф бастаған ИИР келіссөз жүргізуші делегациясы, сенбі күні таңертең Исламабадқа келді. Делегацияны Пәкістан Сыртқы істер министрі мен Әскер қолбасшысы қарсы алды. Иран Ислам Кеңесінің төрағасы елдің Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен жүйе жетекшісі тарапынан АҚШ тарапымен келіссөздерге жауапты болып тағайындалған. 

Келіссөздер сенбі күні Пәкістан Премьер-министрінің АҚШ және Иран делегацияларымен жеке кездесулерден басталады және бірінші кездесуде Иранның аға келіссөз жүргізушісі Мұхаммад Бақер Қалибаф үкімет басшысының сарайында Пәкістан үкімет басшысымен кездесті. Бұл кездесуге Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи қатысты.

Дипломатиялық үдерістер алға басуы жағдайында, АҚШ тарапымен сөйлесулер сенбі кешінде басталады.

Айта кететін жәйт, осы келіссөздерді өткізу тәсілі мен пішімі алдын ала анықталмаған, тікелей немесе делдал арқылы келіссөздер жүргізілетіні белгісіз және сөйлесу үдерістері тараптарды қай бағытқа апаратынын көру керек.