Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мерекесі тойланды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i83764-Әл_Фараби_атындағы_ҚазҰУ_да_Наурыз_мерекесі_тойланды
ParsToday - 11 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Әз Наурыз – тазару, жаңару бастауы» атты  мерекелік шара өтті.
(last modified 2026-04-15T11:45:53+00:00 )
Сәу 15, 2026 16:43 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мерекесі тойланды

ParsToday - 11 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Әз Наурыз – тазару, жаңару бастауы» атты  мерекелік шара өтті.

Бұл мерекелік шараға Қазақстандық танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, шетелдік дипломаттар, БАҚ өкілдері, ҚазҰУ түлектері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. 

Бұл шараға Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Суна Ахмади ханым мен Алматы қаласындағы Иран Мәдени өкілдігінің басшысы Хоссейн Ағазаде мырза арнайы шақырылды.

Университет қалашығында киіз үйлерден этноауыл бой көтеріп, қонақтарды қазақтың ұлттық тамақтары қойылған дастарханмен күтіп алды. Ректорат алаңында жиылған қауымның назарына «Наурыз-думан» атты вокалдық-хореографиялық композициясы ұсынылды. Қонақтар этноауылды аралау барысында тұсаукесер, қыз ұзату және беташар сынды театрландырылған салт-дәстүрлерді тамашалады. 

 

Дайындаған: Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің аға оқытушысы Айман Жұбатқанқызы Боранбаева