Америка Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді
ParsToday – АҚШ Қаржы министрлігі Иранмен байланысты жиырмадан астам адам, компания және кемеге жаңа санкциялар енгізді.
ParsToday хабарлауынша, АҚШ Қаржы министрлігінің Сыртқы активтерді бақылау басқармасы кеше, сәрсенбі күні Иранмен байланысты белсенді жиырма төрттен астам адам, компания және кемеге қарсы жаңа санкциялар енгізілгенін хабарлады.
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент осыған қатысты: «Қаржы институттары АҚШ Қаржы министрлігінің Тегеранды қолдауды жалғастырушыларға қарсы барлық құралдар мен өкілеттіктерді, соның ішінде екінші деңгейлі санкцияларды пайдаланатынын ескеруі тиіс»,- деп мәлімдеді.
Жаңа экономикалық санкциялар Дональд Трамптың үкіметі Иранға қарсы соғыстың мақсаттарын анықтамай, одан шығу жолын көрсетпегені үшін қысымға ұшыраған кезде жарияланады.
Бірнеше елдің қаржы министрлері Батыс Азиядағы соғыс тіпті жақын арада толық аяқталса да, әлемдік экономика мен нарықтарға әсер ететіні туралы ескертті.
Австралия, Жапония, Швеция, Нидерланд, Финляндия, Испания, Норвегия, Ирландия, Польша және Жаңа Зеландия қаржы министрлері мен сондай-ақ Ұлыбритания қол қойған бірлескен мәлімдемеде: «Дұшпандылықтың қайталануы, қақтығыстың кеңеюі немесе Ормуз бұғазындағы қоқан-лоққылардың жалғасуы энергия қауіпсіздігіне, жеткізу тізбектеріне және экономикалық-қаржы тұрақтылыққа қосымша ауқымды қауіп төндіреді. Қақтығысты тұрақты шешумен бірге оның дамуына, инфляцияға және нарықтарға әсері жалғасады» делінген.