Венгрия Премьер-Министрі: Украинадағы соғысты жалғастыру қисынға сай келмейді
ParsToday - Украинаның майдан шебіне және шығындарға сілтеме жасай отырып, Венгрия Премьер-Министрі соғысты жалғастыру «қисынға сай емес» деп мәлімдеді.
Венгрия Премьер-Министрі Петер Мадьяр сенбі күні кешке неміс тілді БАҚ-қа берген сұхбатында: «Ай сайын екі жақтан да, орыстар мен украиндардан да ондаған мың адам қаза табуда», - деп мәлімдеді.
Венгрия Премьер-министрі Украинадағы соғысты жалғастыру қисыеға сай емес екенін айтып, былай деп қосты: «Украинаның аумақтық тұтастығын сақтауға құқығы және, мүмкін, жауапкершілігі бар. Бұл өте күрделі мәселе».
Ол сондай-ақ елдің жаңа үкіметі Украинаға ешқандай қару-жарақ немесе әскери күш жібермейтінін атап өтті.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жақында Украина президенті Владимир Зеленский өз күштерін Ресей аумағынан шығаруды бұйырса, Украинадағы қақтығыс күннің соңына дейін шешілуі мүмкін екенін мәлімдеді.