«Ғылым ордасында» Иран мәдениетіне арналған іс-шара өтті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i85470-Ғылым_ордасында_Иран_мәдениетіне_арналған_іс_шара_өтті
ParsToday - 2026 жылғы 6 қазанда «Ғылым ордасында» Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту және Иран мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында «Тегеран күніне» орай мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
(last modified 2026-10-08T12:10:09+00:00 )
Қаз 08, 2026 17:09 Asia/Almaty
  • «Ғылым ордасында» Иран мәдениетіне арналған іс-шара өтті

ParsToday - 2026 жылғы 6 қазанда «Ғылым ордасында» Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту және Иран мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында «Тегеран күніне» орай мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Тегеран қаласының тарихы, мәдениеті, заманауи келбеті мен көрікті орындары туралы сыр шертетін арнайы фотокөрме ұйымдастырылып, қала туралы қысқаша бейнероликтер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Орталық ғылыми кітапхананың қорынан парсы тіліндегі қолжазбалар мен Тегеран қаласы және Иран мәдениетіне арналған кітаптарды қамтыған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

 

Келушілер көрмеден Иранның тарихы, мәдениеті, әдебиеті, өнері мен сәулетіне, сондай-ақ Тегеран қаласына қатысты құнды басылымдармен жақын танысуға мүмкіндік алды.