Жүздеген босқын Жерорта теңізінде қазаға ұшырады
Maм 31, 2016 21:44 Asia/Almaty
Соңғы бір аптада кемінде 880 босқын Жерорта теңізінде қазаға ұшырады.
Француздық «LE FIGARO» газеті интернет торабының мәлімдеуінше, БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғары комиссары сейсенбі күні өткен аптада Жерорта теңізі арқылы Еуропаға баруды мақсат еткен кемінде 880 босқын мен мигранттардың қайықтарының төңкерілуі мен суға батып кетуі салдарынан қаза тапқанын мәлімдеген.
Осы статистикалық мәлімет куә болғандар мен құрбан болғандардың отбасыларының сөздері бойынша құрастырылды.
2016 жылдың алғашқы бес айында 2510 босқын мен мигрант жан тапсырған. 2015 жылдың алғашқы жартысында құрбан болғандардың саны 1855 адамды құраған болатын.