Бакуде «Сағди Ширазидің әлемі» атты ғылыми конференция өтті
Әзірбайжан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында Иранның танымал ақыны «Сағди Ширазидің әлемі» атты ғылыми конференция өтті.
Әзірбайжан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет институты мен Иранның Мәдени өкілдігінің ұйымдастыруымен Бакуде өткен бұл конференцияда Әзірбайжан Республикасының бірқатар ғалымдары мен өнер иелері, сондай-ақ ИИР-ның Бакудегі елшісі мен Табриз университетінің екі ұстазы қатысты.
Әзірбайжан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы басшысының бірінші орынбасары әрі Әдебиет университетінің ректоры Иса Хабиб Бекли осындай конференциялардың өткізілуін Баку мен Теһранның ғылыми және мәдени қарым-қатынасын нығайтуда маңызды деп атап: «Екі елдің ғылыми және мәдени қарым-қатынасы мен әріптестігі саяси-экономикалық саламен қатар дамып келеді»,-деді.
Иранның Әзірбайжан Республикасындағы елшісі Мохсен Пакаин: «Бұл конференцияны өткізу Сағди Ширазидің тек Иранға ғана тиесілі емес, аймақ пен әлем халықтарының барлығына тиесілі екенін көрсетеді»,-деді.
Осы конференция барысында Табриз университетінің парсы тілі мен әдебиетінен 4 ұстазы мен Әзірбайжан Республикасының 4 зерттеушісі мен әдебиетшісі Сағдидің әзірбайжан әдебиетіне әсері, оның әлемдік туындылары, оның Құран Кәрім, пайғамбар хадистері мен мақал-мәтелдерден әсер алуы, хикмет пен ақлақ Сағди көзқарасы тұрғысынан атты тақырыптарда баяндама жасады.