Иран мен Латвия жан-жақты қарым-қатынастарды кеңейтуді қуаттады
Латвия президенті ИИР-мен жан-жақты байланыстарды кеңейтуді құптады.
Латвия президенті Раймондс Вейонис Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зарифпен Ригада кездесуінде бұл сапарға ризашылық білдіріп, Теһран-Риганың барлық салалардағы, әсіресе саяси, парламенттік, сауда және туристік салалардағы жан-жақты байланыстарын кеңейтуге мүдделік танытты.
Зариф те Иран президентінің сәлемін жеткізіп, Латвия президентін Иранға үлкен сауда делегациясымен келуге шақырып, екі елдің байланыстарын арттыру потенциалының экономика мен сауда салаларында әзір екендігін мәлімдеді.
Иран Сыртқы Істер Министрі Иран мен Латвияның саяси байланыстарын да жақсы әрі даму жолында деп бағалап, екі елдің саяси салалардағы кеңесулері мен серіктестіктерінің жалғасуына ынта танытты.
Латвия Сыртқы Істер Министрі мен Парламент төрағасы және Ауылшаруашылық министрімен кездесу Зарифтің Латвия сапарындағы келесі бағдарламаларының қатарын құрайды.
Сонымен қатар Зариф Иран мен Латвияның сауда отырысында баяндама жасап, осы елдің Парламент төрағасымен кездеседі. Иран Сыртқы Істер Министрі Еуропаның шығысы мен солтүстігіне жасайтын сапарының жалғасында бүгін, бейсенбі күні Латвия астанасы Ригаға келіп жетті.