Башар Джафари: Қауіпсіздік кеңестің кейбір мүшелері терроризмді қолдайды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i8785-Башар_Джафари_Қауіпсіздік_кеңестің_кейбір_мүшелері_терроризмді_қолдайды
Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: «Қауіпсіздік кеңестің кейбір ықпалды мүшелері Сириядағы гуманитарлық жағдайдың ушығуына себепкер»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 04, 2016 13:49 Asia/Almaty
  • Башар Джафари: Қауіпсіздік кеңестің кейбір мүшелері терроризмді қолдайды

Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: «Қауіпсіздік кеңестің кейбір ықпалды мүшелері Сириядағы гуманитарлық жағдайдың ушығуына себепкер»,-деді.

Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джафари баспасөз конференциясында: «Кейбір елдер Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсетіп, оларды осы елге жіберді. Сирияға гуманитарлық көмек жіберу осы ел үкіметінің үйлестіруімен атқарылуы тиіс»,-деді.

Джафари терроризмнің Сирияның ең басты мәселесі екендігіне тоқталып: «Сирия үкіметі БҰҰ-мен осы елдің азаматтарына гуманитарлық көмек жіберу мақсатында әріптестік жасайды»,-деді.

Башар Джафари мұқтаж сириялықтарға гуманитарлық көмектердің жеткізілуі қажеттігін баса айтты.