Маусым 07, 2016 14:48 Asia/Almaty
  • Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы қарулы шабуылды айыптады

Түркия Сыртқы істер министрлігі бірнеше адамның қаза болуы мен жарақат алуына себеп болған Қазақстанның Ақтөбе қаласындағы полиция күштеріне қарсы қарулы шабуылды айыптады.

«Тренд» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Түркия Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күнгі өз мәлімдемесінде Ақтөбедегі қару сататын екі дүкен мен әскери және әскери емес адамдарға қарсы қарулы шабуылды айыптап, құрбан болғандардың жанұяларына көңіл айтты. Мәлімдемеде « Түркия дос әрі бауырлас елдердің тұрақты қауіпсіздік пен тыныштық орнату талпыныстарын қолдайды» деп жазылған.

Айта кететін жайт, бірнеше қарулы адам жексенбі күні Ақтөбеде қару-жарақ сататын екі дүкенге, содан соң Ұлттық гвардия әскери бөліміне шабуыл жасады. Бұл шабуылдың салдарынан кемінде 17 әскери және 23 әскери емес адам қаза болды.

Қазақстанның лаңкестікпен күресу штабы дүйсенбі күні: «Қазақстанда террорлық қауіптің "қалыпты сары сызық" деңгейі 40 күн мерзімге енгізіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді»,- деп мәлімдеді.

Ақтөбедегі шабуылды «Қазақстанды азат ету армиясы» деп аталған топ өз мойнына алып, шабуылдың мақсатын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың диктатурасымен күресу деп жариялады.

Тегтер