Маусым 13, 2016 15:10 Asia/Almaty
  • Біржыныстыққа қарсылық – АҚШ-тың Орландо қаласындағы атыстың негізгі себебі

АҚШ-тың Орландо қаласында атыс оқиғасы себепкерінің әкесі біржыныстыққа қарсылық білдіруді бұл оқиғаның негізгі себебі деп атады.

«Франция 24» ақпарат арнасының мәліметі бойынша, Флорида штатындағы Орландо қаласындағы атыстың себепкері Омар Матиннің әкесі Мир Седиқ жексенбі күні ұлының бұл атысты діни түрткімен іске асырмағанын айтты. Оның айтуы бойынша баласы біржыныстылыққа қарсылық білдіріп, түнгі гей-клубқа шабуыл жасаған.

Полицияның айтуы бойынша, Омар Матиннің қолында тапанша, автоматтық винтовка және күмәнді зат болған.

АҚШ Президенті Барак Обама 50 адамның өлімінен басқа 50-ден астам адамның жарақат алуына себеп болған Орландо қаласындағы атысқа реакция білдіріп: «Еліміз бүгін өз тарихындағы ең ащы атыстың куәсі болды. Бұл атыс лаңкестік және жиіркеніш тудыратын әрекет болды. Бұл оқиға қаруға ие болудың қандай оңай екенін көрсетті. Біз бұған қатысты шешім қабылдауымыз керек»,- деді.

Осындай жағдайда ДАИШ лаңкестік тобы «Твиттерде» Орландо қаласындағы лаңкестік шабуылды іске асырушыны ДАИШ тобының мүшесі болған деген уәж айтты.

Тегтер