Маусым 13, 2016 16:32 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Флорида штатында қантөгіс болды

АҚШ-тың Флорида штатының Орландо қаласындағы түнгі гей-клубтағы атыста 50 адам өліп, 53 адам жарақат алды.

Орландо полициясының басшысы шабуылды жергілікті лаңкестік әрекет деп атап, бұл салада зерттеулердің жалғасып жатқанын мәлімдеді. Жарияланған соңғы мәліметтер бойынша, бұл атыс АҚШ қоғамындағы ең қанқұйлы оқиғалардың бірі болған. Ақпарат құралдары атысты ата-анасы Ауғанстаннан көшіп келген өзі америкалық азамат саналатын Омар Матиннің іске асырғаны туралы хабарлады. АҚШ ақпарат құралдарының қаскүнем туралы жариялаған мәліметтері бұл елдің қоғамдық деңгейде исламға дұшпандық білдірудің жаңа толқынына себеп болды. Әрине, мұндай әрекеттер Ислам дінінің адамгершілік пен әділет талап ететін тағылымдарына қарсы. Исламдық тағылымдар бойынша лаңкестіктің кез келген түрі және адам өлтіру айыпталады.

Өкіншке орай, Батыстың ақпарат құралдары мен үкіметтері, әсіресе АҚШ Исламның атымен лаңкестік әрекет жасайтындар мен Құран Кәрім және исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның лаңкестікті айыптайтын тағылымдарын ажыратпайды. Олар өздерін өтірік мұсылман деп атайтындардың лаңкестік әрекеттерін мұсылмандармен байланыстырып, хабардар түрде Исламның шынайы жүзін теріс көрсетіп, мұсылман елдеріндегі өздерінің мақсаттарына жетуді көздейді.

Шын мәнінде, қазіргі кездегі АҚШ азаматтарының лаңкестік әрекеттері АҚШ үкіметінің тәкфіршіл және лаңкестік ағымдарды қолдау саясатының салдары. Егер АҚШ Батыс Азия мен Оңтүстік Азия және Солтүтік Африка аймақтарында тәкфіршіл және лаңкестік ағымдарға қолдау көрсетпегенде, бұл ағымдар белсенділік танытпаған болар еді. Сауд режимі – Таяу Шығыс аймағындағы экстремизм мен қатыгездікті таратушы әрі аймақтағы АҚШ-тың ең маңызды саяси және әскери одақтасы.

Орландо оқиғасын АҚШ-тың алдағы президенттік сайлауының республикашыл үміткері Дональд Трамп өз мүддесіне пайдалануда. Трамп бұдан бұрын АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салуды талап еткен болатын. Республикашыл үміткер 8-ші қарашада өтетін президенттік сайлауда Орландо қаласындағы гей-клубтағы атыстан кейінгі алаңдаушылықтарды өзіне дауыс жинау үшін теріс пайдаланбақ.

Қару ұстау еркіндігі жыл сайын АҚШ-та 33 мың азаматтың өлімінің негізгі себебінің бірі деп аталды. Осыған орай 2015-ші жылы АҚШ-ның Әділет министрі Эрик Холдер АҚШ полиция басшыларының жыл сайынғы отырысында: «2008-шы жылдан осы уақытқа дейінгі АҚШ азаматтарына қарсы атыстың саны 2000-2008 жылдармен салыстырғанда үш есе өсті»,- деп жариялады. Барак Обама өзінің сегіз жылдық билігі кезінде ыстық қаруды тасымалдауға шектеу қоюға талпыныс жасағанымен ыстық қару өндірушілер мен сатушылардың лоббиі АҚШ Конгресінің осы қаруды ұстауға шектеу қоятын заңды бекітпеді. Барак Обама бір сөзінде ыстық қару ұстауға шектеу қоятын заңның бекітілмеуін өзінің президенттік билігінің сәтсіздіктерінің бірі деп атады. Флорида штатындағы Орландо қаласындағы гей-клубтағы атысқа ДАИШ-тың қатысты болуы АҚШ үкіметіне ыстық қару ұстауға шектеу қою туралы шешім қабылдауға қатысты қысымды азайтады. Шын мәнінде бұл оқиғада ДАИШ-тың қатысты болуы Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ-тың араласушылық саясатын білдіреді.

Тегтер