Лавров Батыстың әлемге басымдық көрсетуін қатаң сынады
(last modified Thu, 16 Jun 2016 11:29:42 GMT )
Маусым 16, 2016 17:29 Asia/Almaty
  • Лавров Батыстың әлемге басымдық көрсетуін қатаң сынады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбі күні Ресей Думасында сөйлеген сөзінде "Батыс әлемге басымдық көрсете алмайды. Батыс елдерінің осы талпыныстары бекер" деп мәлімдеп:

Әлемдік бақталастықтар күшейген сайын лаңкестік қоқан-лоққылар артып келе жатқан жағдайда Батыстың кез- келген тәсілді пайдаланып, әлемге басымдық көрсетуді қалап, аймақтық кикілжіңдерді жоспарлап отырғанына куә болып отырмыз» деді.

Лавров сөзін Батысқа, әсіресе Америкаға қаратып айтты. Олар кез- келген тәсілмен өздерінің үстемқұмарлық ұстанымын әлемге таңуға және өздері қалайтын тәртіпті әлемде орнатуға тырысуда. Өзін халықаралық алпауыт санап, өзіндік стратегия мен мақсатқа ие болып отырған Ресейдің батыстықтардың осы ұстанымын қабылдамайтыны табиғи жайт. Осы бағытта Лавров бір Батыс алпауытының, яғни Американың Ресейдің мүддесін құрбан етумен Тынық мұхитының екі жағындағы аймақта өзі қалайтын тәртіпті орнатуға ашық бейімділігіне сілтеме жасады. Лавровтың көзқарасы бойынша, осындай мақсатты жүзеге асыру әлемдік энергия мен қару- жарақ нарығында Мәскеудің позициясының әлсіреуіне себеп болады. Бұған қоса Ресей Сыртқы істер министрі Батыстың Ресейге қарсы шараларына сілтеме жасап, Мәскеу Ресейге қарсы санкциялардың күшін жою үшін Еуропалық Одаққа еш өтініш жасамайды деді.

Украина дағдарысының өріс алуы және Батыс пен Ресей арасындағы бұрын-соңды болмаған текетірестен кейін Ресей мен Батыстың қарым- қатынасына соңғы екі жылда қара бұлт үйірілді. АҚШ Ресейге қысым жасау үшін Еуропалық Одақ пен Батыстағы өзінің өзге серіктестерінің ілесуімен Ресейге қарсы экономикалық және қаржылай ауқымды санкция салды. Сонымен бірге батыстықтар Ресейге қарсы психикалық соғысты өрістетіп, Ресейді кемсітумен қоса, оны әлемдік қауіпсіздік үшін үлкен қатер деп санайды. Қарсы тарапта Ресей батыстықтарды әлемге үстемдік етуге және өз құндылықтарын таңуға тырысуда деп айыптайды. Осы бағытта Лавров Батыстың Сирия, Ливия және Ирак сияқты елдердің ісіне килігуіне сілтеме жасап, осы жайттарды Батыстың әлемдік деңгейде өз үстемдігі мен құндылықтарын таңуға тікелей талпыныс жасауы санап отыр. Шын мәнінде Лавровтың сөздері батыстық үстем алпауыттар мен әлемдік деңгейдегі бақталас алпауыттар арасындағы бұрынғы тәжікелесуді көрсетеді. Батыстықтар талай рет либерал демократияны әлемдегі саяси басым идеология деп бейнелеп, тіпті қырғи қабақ соғыс аяқталған соң америкалық ойшыл Фрэнсис Фукуяма тарихтың аяқталғанын мәлімдеді. Батыстықтар құндылықтар мен мақсаттарды тек өз көзқарастары бойынша жарамды, ал өзге өркениеттен шыққан наным-сенімі мен идеологиясы бар мемлекеттер батыстықтармен бір бағытта болуы керек деп ойлайтын көрінеді. Сол себепті жуықта АҚШ Ресейді әлемдік жүйе үшін ең үлкен қауіп деп атап, оған тосқауыл қоюға мүдделік танытты. Өйткені Мәскеу әлемді қамтитын құндылықтар деп насихатталатын Батыс құндылықтарын қабылдамай, Батыс тарапынан халықаралық қағидалардың құрметтелуін қалайды. Сол себепті Батыс тарапынан Ресейге қарсы идеологиялық және психикалық ауқымды соғыс жүріп жатыр. Осы шаралардың мақсаты Ресейді Шығыс Еуропаға қарсы жер дауын қозғап отырған және ешқашан оған сенім артуға болмайтын шапқыншы әрі қауіпті ел ретінде көрсету болып табылады. Осылайша Батыс өзінің Ресейге қарсы қастық шараларын ақтамақ. Қазір Ресей Батыстың, әсіресе Американың Ресейге қарсы түрлі шара қолдануының, атап айтқанда санкция салуының негізгі әрі түпкі мақсаты шын мәнінде осы елді әлсірету деген тұжырымға жетіп отыр. Осы жайттарға сәйкес, Мәскеу Батыс саясаттары мен шараларын қайтадан қарауды және Қауіпсіздік Кеңесінің халықаралық жүйеде белсенді рөл атқару үшін көбірек талпыныс жасауын қалайды. Сонда ғана мемлекеттердің тәуелсіздігі мен әкімшілік қағидасына және олардың ішкі істеріне араласпау негізіне қайшы келетін батыстықтардың шабысы үшін майдан қалмайтын болады.

Тегтер